» » ОРДАҒА ЖАҢА ИДЕЯМЕН ОРАЛАМЫН

ОРДАҒА ЖАҢА ИДЕЯМЕН ОРАЛАМЫН

QAZANNAN SÁLEM
   Еуропадағы ең ұзын өзен Еділ бойындағы  Қазан қаласының кезінде тарихи  шаһар болғанын білеміз. Қазір бұл қалада білім алып жүрген қызылордалық жастардың қарасы қалың. Сондай зерек жастың бірі,  SÁLEM айдарының кезекті қонағы ‒ Дидар Сансызбаев.

Не үшін Қазан?

‒ Осыдан үш жыл бұрын қаладағы №101 мектеп-лицейді бітіріп, Татарстан Республикасының астанасы Қазан каласына оқуға құжат тапсырдым. Қазір осы қаладағы Қазан мемлекеттік аграрлық университетінде инженер-механик мамандығы бойынша білім алудамын.  
    Қазан ‒ ерекше сән-салтанатпен бой түзеген тарихи қала.  Ең алғашында осындай көркемдігіне, ескі, бай мұрасына таң қалдым. Кезінде Еділ өзенінің сол жағасында орналасқан қалада ақын Абай Құнанбайұлының өлең жинағы басылып шыққан екен. Ал қазір қаланың бет бейнесі басқаша, инфраструктурасы жаңа, заманауи деңгейде салынған, осындай артықшылықтары маған таңсық  көрінді. Ал ЖОО-да білім гранты бар екенін достарымнан естігенде, көп ойланбастан Ресей мемлекетіне жолға шықтым.
 
Өмірімдегі өзгерістер

‒ Қалада жастар үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Әсіресе студенттерге кез келген спорт түрімен айналысуға жағдай жасалған. Ал білім саласы бойынша  жергілікті  ЖОО-ны таңдауға болады, ол үшін тіл білу өте манызды, себебі арнайы оқытылатын пәндер міндетті түрде орыс тілінде өтеді. Мұнда өзіңізді  жеке тұлға ретінде де дамыта аласыз.  Өйткені осында келгелі өмірімде көп өзгеріс болды деп айта аламын. Оқуға алғаш түскен сәтте біраз қиыншылықтың болғаны рас. Әрине басқа мемлекет, өзге орта, өмір сүру қалпы біздікінен өзгеше халықты бастапқыда бәрі жатсынады ғой. Сол үшін қалаға бірінші рет барғанымда қорқыныш пен үрейдің болғанын жасырмаймын, дегенмен кейін адамдармен араласа келе қоғамға бауыр басып кеттім.
 
Инфраструктураларды қала жоспарына енгізгім келеді

‒  Қазір замандастарымның көпшілігі шекара асып, сырттан білім алғанды қалайды. Шетелге оқуға түсу үшін ең алдымен ізденіс керек. Университетке құжат тапсырмас бұрын оқу орнының орналасқан жерін, білім сапасын, ерекшеліктерін ескерген жөн.  Екіншіден, тіл білу маңызды әрі  адамдармен тез тіл табыса алатындай қабілетің болу керек. Қазандағы қазақ жастары жиналып, жиі бас қосып тұрамыз. Жалпы біз бауырмал халықпыз ғой,  сондықтан бір-бірімізді іздеп, хабар алмасуға көп уақыт бөлеміз. Алдағы уақытта Қызылордаға жаңа идеямен оралып, осындағы жаңа инфраструктураларды қала жоспарына енгізгім келеді. Бізде де Қазан қаласындағыдай тазалық пен білім деңгейінің көтерілгенін қалаймын.
 
Гүлдана ЖҰМАДИН
30 қаңтар 2020 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031