» » Шопоголизм дерт пе?

Шопоголизм дерт пе?

 Шопинг  (Shoping) сөзі  ‒ уақытты дүкен мен сауда орталығында өткізіп, сауда жасау дегенді білдіреді. Сондықтан уақытты тиімді өткізіп, орынды сауда жүргізе білген дұрыс. 
Шопинг ‒ қыз келіншектердің ең сүйікті ісі.   Әсіресе көңіл күй болмаған сәтте.   Қыз келіншектер дүкеннен сәнді киім алу арқылы көңіл-күйін көтереді. Осының салдарынан сауда жасауда тәжірибесі жоқ, бірақ қызығушылығы басым қыз-келіншектер көп шығынға ұшырайды. Мұндай қызығушылық ‒ шопоголизм дертіне ұласуы мүмкін.
  Шопоголизм дерті ‒ ол сатып алуға деген тәуелділік. Яғни өзіне керек заттан бөлек, қызығып басқада заттар сатып алып, шығындалу.  Сауда жасаудың ең тиімді жолдарын білер болса қателік жасамай, шығынға ұшырамас па еді. Сондықтан дүкенге бармас бұрын өзіңізге қажетті заттардың тізімін нақтылап, қарныңызды тойдырып барған жөн. Дүкенге кірген соң тізімдегі заттармен ғана шектеліп, жеңілдіктерге қарамаған абзалырақ. Себебі сауда орталықтарындағы жеңілдік(скидка) тұтынушыларды шақыру арқылы, тұрып қалған, уақыт мерзімі таяған, сәннен кеткен тауарлар сатылымын арттырады. Тағы бір айта кетері, дүкенге барарда, тізімдегі заттарға көз жүгіртіп, ойша қанша ақша керек екенін есептеп, тура сол сомадағы ақшаны ғана алыңыз. Сонда ғана артық шығын кетпейді. Дүкенге барарда төмендегіні біле жүріңіз.
 1. Сатушыдан кеңес сұрамаңыз. Кез-келген саудагер өзінің затын өткізуге жағымпазданады, себебі бұл оның жұмысы. Әсіресе әдемі киінгенді қалайтын, алайда талғамы жоқ қыздарға киімнің жарасатындығын, қазіргі сән екенін және ашып тұрғанын айтады. Ал сән мен әдемілікті білетін, талғамы жоғары, дене бітіміне дұрыс баға бере алатын қыздар, жағымпазданудың алдында төтеп бере алмайды. Ертеңгі күні өкінбес үшін "Жеті рет өлшеп, бір рет кес".
2. Қымбат зат сапалы. Кей адамдар қымбат заттарды сапалы, фименный бренд деп ойлайды. Алайда барлық заттар бір сауда орталығынан келеді. Бренд ол жарты бағаны өзінің аты үшін алады. Бастысы, қымбат бренд тауарларынан кем түспесе болғаны.
3. Баламен дүкен аралау. Егер сіз балаларыңызбен дүкенге келген болсаңыз, олардың көңіліне қарап, қалағанын орындай бермеңіз, тек қажетті керек затыңызды алыңыз.

Назира МҰХАТАЕВА
25 мамыр 2020 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031