» » «Қазпошта» арқылы онлайн-сауда дамуда

«Қазпошта» арқылы онлайн-сауда дамуда

Электрондық коммерция өнімдерін жеткізу көлемінің 70%-ын «Қазпошта» АҚ-ның үлесі құрайды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтан мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда онлайн-сатып алушылар 18-34 жастағы азаматтар болып табылады.
«Қазпошта» АҚ әр сағат сайын 10 мыңнан астам сәлемдеме қабылдайды және жібереді. Онлайн-сатып алулар жасайтын адамдардың көпшілігі – жастар. Электронды сауданы дамытушы, тапсырыс беруші қалалар есебіне Алматы қаласы бірінші орынды құрайды, бұл пайыздық көрсеткішпен 70%-ды құрайды», – деді Мұстафин Сұлтан.
2016 жылы Қазақстанға жеткізілген посылкалардың саны 15,3 млн бірлікті құрады, оның ішінде супермаркеттер арқылы - 553 мың, 2017 жылы - 21,9 млн , супермаркеттер арқылы – 1,8 млн, ал 2018 жылы бес айда - 11,6 млн, супермаркеттер арқылы - 2 млн. Поштаматтар арқылы, 2017 жылы 500 мың посылка жеткізілсе, ағымдағы жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш 306 мыңды құрап отыр.
«Қазпошта» АҚ жақында өз жұмысын талдады және бүгінгі күні біз ғана емес, басқа да пошта әкімшіліктері электрондық сауда нарығының басты драйвері екенін анықтады. Себебі поштаның электрондық сауданы дамытудан басқа, интернет-дүкендерден, қаржылық технологиялардан және де басқасынан бөліп қарасақ, жеткізіп отыру негізгі ұстанымы және ерекшелігі болып отыр. Яғни неғұрлым жеткізу жылдамырақ болса, онда адамдар онлайн сатып алуды соғұрлым көбейтіп отырады», - деп айтып өтті ол.
25 шілде 2018 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031