Бүркітші қыз

Айшолпан бүркітшілер сайысына қатысқаннан кейін әлем назарына ілікті. Ал «құсбегілік қыз балаға тән емес деп сынаушылар» танымал болғаннан кейін ойларын өзгертті», – дейді ол. Айшолпан Нұрғайып туралы фильмнің продюсері – Дейзи Ридли. Туындыны әлемге әйгілі «Сони» және «ХХ ғасыр Фокс» сынды кинокомпаниялар түсірген. Болашақта «дәрігер болсам» деген арманын Моңғолия премьер-министрі У.Хүрэлсүх орындамақ.
– Ал фильм экранға шыққан соң, бүркітші қыз Гарвард және Оксфорд университеттерінен шақыру алды. «Кинода ойнау қызықты болса да, мен дәрігер болуды армандаймын, – деген ол премьер-министрге.
Бүркітшілік – негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек екі нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де – қазақ. Екіншісі, Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова.
Оқуға түскен соң Айшолпан сүйікті ісін ол сіңлілеріне үйретіп кетпекші. Айта кетейік, Оскар сыйлығы үшін 145 картинаның ішінен іріктеліп алынған.Айшолпан арқылы қазақ бүркітшілерін әлем таныды. Әлеуметтік желіде бүркітшіліктің қыр-сырын жайып салған қазақтарға қаламақы бермепті деп жиі жазылып жүр. Бірақ Нұрғайып Ырыс «атадан балаға дарыған бұл өнерді тегін-ақ жарнамалаймын, бұл – азаматтық, қазақылық парызым» дейді.