Әлемдегі алғаш цифрлы өнер мұражайы ашылады

Әзірге қандай инсталляциялар ұсынылатыны құпия сақталып отыр, бірақ ол өнер туындыларын физикалық шектеуден босатып, заманауи қоғам дамуына ілесуін көздейді. TeamLab тобы гүл, ағаш, сарқырама сынды табиғат құбылыстарының интерактивті нұсқасын жасау арқылы әлемге танылды. Топ мүшелерінің 2016 жылы Pace Menlo Park паркінде өткен көрмесін бір жылдан аз уақыт ішінде 200 мың адам тамашалаған. Сол көрмедегі қызықты инсталляциялардың бірі арнайы телефонға жүктелген қосымша арқылы жұмыс істеді. 50 мың жарық диоды орналастырылған орманға адамдар қосымша арқылы өзі қалаған өрнектер салды. Бұл шынымен таңқаларлықтай креативті дүние.