» » Оқушының жақсы болмағы – ұстазынан

Оқушының жақсы болмағы – ұстазынан


Ел   болашағы   ұрпақтәрбиесіне    тікелей      байланысты. Сондықтан жастарды тәрбиелеу, оларды әлеуметтік қолдау қоғам үшін маңызды. Әрбір мектеп жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенділігі мен әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға барынша жұмыс істейді. Сапалы білім беру ғана емес, оқушының өзін-өзі дамытуы мен ғылыми ізденіске ұмтылуын  басты назарда ұстайды.  
Бүгінгі ұрпақ – қоғамның қозғаушы күші. Олардың арасынан әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Осы бағытта білім ошағындағы тәрбие процесінің рөлі өте маңызды. Біздің мектепте осындай тәрбие жұмыстары бір жүйеге қойылған. Әрбір ұстаз оқушылар  тәрбиесімен жүйелі жұмыс істеп, олардың жағдайын жасауда талмай еңбек етуде. Олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытатын, білімін бекемдейтін үйірмелер де бар. Елбасы өзінің биылғы жолдауында  «IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» деді. «Қазақ тілінің басымдылығын сақтай отырып», «оның ары қарай дамуына зор көңіл бөлу» керектігін де тапсырды. Бұл мектеп ұжымы алдындағы – үлкен міндет.
 Кезінде Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деп айтқан. Осыдан-ақ, бала тәрбиесі ұстаз алдындағы жауапты міндет екенін аңғарамыз.  
Жанаргүл СҮЛЕЙМЕНОВА,
Арал ауданы, Шөміш елді мекенінің
 №263 орта мектеп мұғалімі.
25 қаңтар 2018 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031