» » БІРЛІК ЖОЛЫНДА БӨЛІНБЕЙТІН ШАҚТАМЫЗ

БІРЛІК ЖОЛЫНДА БӨЛІНБЕЙТІН ШАҚТАМЫЗ

‒ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы кешегі Жолдауында еріктілерге ерекше алғыс білдірді. Бұл осы шепте жүрген әрбір азаматқа жеке-жеке айтылған алғыс деп есептеймін. Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттердің арқасында бірліктің озық үлгісін көрсетіп келеміз. 
Жақынға болысу, қажетке көмек қолын созу ‒ бұрыннан келе жатқан жолымыз. Бұл ‒ сөзіме тарих куәгер. Ел басына күн туған шақта бей-жай қалмаған жандар қандай да болсын құрметке лайықты. Осындай елім дейтін ерлері бар елдің ішінен кейбір "пысықайлардың" шығып жатқаны көңілге қаяу салады. Бағаны қолдан көтеру, қызметін пұлдау, қиын уақытта өз мүддесіне шешу секілді жағдайлар қоғамда орын алғаны жасырын емес. Бұл ‒ дегеніңіз үкіметтің халыққа, халықтың үкіметке деген сеніміне кірбің келтіретін жайт. Осы тұста ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: "Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек" деген сөзін қайталағым келеді. Дәл қазір бір-бірімізге болысатын, бірлік жолында бөлінбейтін шақтамыз. Әрбір азамат аурудан ең соңғы адам жазылып шыққанынша, қалыпты жағдай орнағанша еңбек ету керек деп білемін.
Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ,
ерікті жас
02 қыркүйек 2020 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930