» » Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер алатыны анықталды

Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер алатыны анықталды

 Биыл тұмауға қарсы вакцина 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының «Алмалы ауданы МСАК орталығы» педиатрия бөлімінің меңгерушісі» Майра Макеева онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, тұмауға қарсы тегін вакцина жыл сайын белгілі бір санаттағы адамдарға салынып келді. Бұл үрдіс биыл да жалғасады. «Біз жүкті әйелдер (2-3 триместрде), медициналық қызметкерлер мен 18 жасқа дейінгі созылмалы аурулары бар балаларды, интернат, балалар үйі сияқты жабық мекемелерде орналасқандарды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жасы 60-тан асқан азаматтарды жыл сайын тұмауға қарсы тегін екпемен қамтамасыз етіп келдік. Биыл да әр учаскелік дәрігер осы санаттағы азаматтарды тегін екпемен қамтамасыз ету үшін ауруханаға шақыратын болады», – деді Майра Макеева. Оның айтуынша, тұмаудың өзі қауіпті емес. Оның бактериалды асқынуы қауіпті. «Жыл сайын әлемде тұмаудың А және Б түрі бойынша зерттеулер жүргізілуде. Нәтижесінде вирустың мутацияға ұшырайтынын байқап отырмыз. Сондықтан жыл сайын да вакцина жаңартылып отырады. Биыл да жаңартылған вакцина салынады. Ол Ресейде өндірілген. Негізі тұмаудың өзі қауіпті емес. Оның бактериалды асқынуы қауіпті. Нәтижесінде ауру бактериалды пневмонияға ұласып кетуі мүмкін»,– дейді ол. Сондай-ақ, ол тұмауға қарсы вакцинаны тұрғындар жақсы көтеретінін және оның тиімді екенін атап өтті.
04 қыркүйек 2020 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031