» » Тұмауға қарсы екпе кімдерге тегін салынады?

Тұмауға қарсы екпе кімдерге тегін салынады?

     Алматылық дәрігерлер тұмауға қарсы екпенің кімдерге тегін салынатынын айтты. Алматылық дәрігерлер тұмауға қарсы екпенің кімдерге тегін салынатынын айтты.
«Тұмауға қарсы екпе 18 жасқа толмаған созылмалы ауруы бар балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, жабық үлгідегі мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, мектеп-интернат), созылмалы ауруы бар мүгедек ересектерге, 60 жастан асқан азаматтарға тегін салынады», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру орталығы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Майра Макеева. Дәрігердің айтуынша, вакцинаны салдыратын адамдардың тізімі жасалған, сол тізім бойынша пациенттер емханаға шақырылады. «Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады. Екпе салған азамат 30 минут медбикенің бақылауында болады. Алдағы екі күнде де жағдайы қадағаланады», – деді Макеева. Биыл тұмауға қарсы екпе 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында салынады. «Гриппол плюя» вакцинасы Ресейде өндірілген.
aikyn.kz
05 қыркүйек 2020 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031