» » Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 7-орында тұр

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 7-орында тұр

Gallup International халықаралық тәуелсіз зерттеушілер агенттіктерінің қауымдастығы бақытты елдердің рейтингін жасады.
2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында Gallup қауымдастығы «Жыл қорытындысы» сауалнамасын жүргізді. Әлемнің 55 елінің 54 мыңға жуық тұрғынынан сауалнама алынды.
«Өзіңізді қаншалықты бақытты сезінесіз?» деген сұраққа әлем бойынша қатысқан адамдардың 59 пайызы өздерін бақытты сезінетінін айтқан. Ал, жауап бергендердің 11 пайызы бақытсызбын деп жауап беріпті», - делінген зерттеуде.
Сауалнамаға қатысушылардың 28 пайызы өздерін не бақытты, не бақытсыз сезінбейтін болып шықты. Нәтижесінде бақыттың әлемдік индексі – оң және теріс жауаптардың арасындағы айырмашылық арқылы есептелді де, 48 пайыздық пункті құрады. Осылайша, бақытты елдер рейтингінің басында 92 пайыздық пунктпен Фиджи мемлекеті болды. Екінші орында Колумбия (87 пайыздық пункт), үшінші орында Филиппин (84 пайыздық пункт) тұрды.
«Мұнда Азия (Вьетнам, Папуа, Жаңа Гвинея, Индонезия, Үндістан), Латын америка (Мексика, Аргентина, Эквадор, Перу) елдері де бар. Қазақстан 74 пайыздық пунктпен жетінші орынға жайғасты. Нидерланды 11-орында 64 пайыздық пунктпен тұр», - деп жазды Gallup қауымдастығы.
14 ақпан 2018 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031