» » Әнді сүйсең, менше сүй

Әнді сүйсең, менше сүй


         Еліне игілік әкелетін маңызды дүниені игеруде ұлт болашағының тізгіні – тәрбиелі ұрпақта. Салт-дәстүрдінасихаттап, оны сапалы түрде өскелең ұрпаққа жеткізу үлкен жұмысты қажет етеді. Бала болашағына нәр себуші ұстаздардан бұл істе үлкен істер талап етіледі. Ол үшін тың  ізденістер, айқын көзқарастар қажет екені анық. Осындай өрелі міндеттерді іске асыру мақсатында қаламыздағы №8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында «Әнді сүйсең, менше сүй» атты ән кеші өтті.
         Оқушылар арасында өткізілген бұл ән кешінің мақсаты да биік. Кең байтақ қазақ жерінде өнерді серік еткен талай талант иелері болғанын білеміз. Сыры мен сынын жоймаған ән мұрасы өз құдіреттілігін сақтап бізге жетті. Осыны дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кеште халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпаздары, мектебіміздің балауса жұлдыздары тыңдармандарды тәнті етті. 9 сынып оқушысы Диас Мырзабай Елбасымыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін, 6 сынып  оқушысы Сәбит Еркемай Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнін, 8 сынып оқушысы Айсұлу Аймұрат Рамазан Таймановтың «Қорқыт қобыз» әнін нақышына келтіре орындады. Шара соңында кешке  қатысқан өнерпаздар Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындап, тыңдармандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Құттықыз Айдарғазиева,
  №8 облыстық арнайы санаториялық
мектеп-интернатының меңгерушісі
15 ақпан 2018 ж. 2 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031