МӘНІ ӨЗГЕРГЕН МӘТЕЛДЕР
* * *
Ұры алған жеріне өш.
* * *
Әкімнің берген асынан
Ақынның айтқан сөзі артық.
***
Аңдамай сөйлеген «косякқа» кіреді.
* * *
Бос шөлмектің қадірі жоқ.
* * *
Өз әйелің ұрыспаққа жақсы.
* * *
Ұйықтаған кем қалады,
Ұйықтамаған теңге алады.
***
Ердің атын төбелес шығарады.
* * *
Адам аласы тілінде, мал аласы жүнінде.
* * *
Бөрінің аузы тоқты жесе де қан, соққы жесе де қан.
***
Қолың жүргіш болса берді құдай,
Байың жүргіш болса ұрды құдай.
* * *
Төбелесте достық жоқ.
***
Бастық тұрып, «замы» сөйлегеннен без.