» » Кіруден қорықпа, шығудан қорық

Кіруден қорықпа, шығудан қорық

Не нәрседен қорық, не нәрседен қорықпа деп отырған шығарсыз? Біздің жазғалы отырған тақырыбымыз «Квест» бөлмелері туралы болмақ. Квест сөзі ағылшынның «қызықты оқиға» сөзінен шыққан.  Бұл жаңа үлгідегі жасөспірім мен балаларға арналған қызықты оқиғаға толы орын. Бұл ойын адам бойындағы үрейді, сенімсіздікті, қорқынышты, жігерсіздікті жеңуге көмектеседі. Біз де бойдағы қорқынышты жеңіп,  күш сезіну мақсатында ойын орталығына жөнелдік.
Ересектерге арналған қорқыныш бөлмесі
      Мекен-жайы: Қорқыт Ата №69(Жаңа базарға қарама-қарсы беткейде орналасқан)
      Ерекше әсер етуі: Кірген сәтіңде қорқыныш билейді. Түрлі бөлмелер: кітапхана, есігі жоқ қапас, темір тор, мыңдаған есік. Елестете беріңіз.
Қараңғы бөлме. Үнсіздік. Достар. Қорқыныш. Мақсат айқын – жасырылған кілтті тауып, құлыпты ашу. Қорқыныш бөлмесінде сізді тар қапасқа қамайды. Сол бөлмеде ақылмен логиканы мұқият пайдаланып, шығатын жолды табасыз. Ойында жеңу үшін қорқынышпен бетпе-бет келесіз. Ойында екі жол бар. Біріншісі: клаустрофобия – жабық бөлмеде болу. Есігі жоқ бөлмеден кеңістікке қарай шығу керек. Қабырғаның әр тұсында қадам  басқан сайын қауіпті болады. Қабырғаға жақындағанда өзіңді жаналғыштың құрбаны сезінесің. Екіншісі: мұнда сізге мыңдаған есік көрінеді. Сол есіктің ішінен  достарыңмен шығатын жолды тауып, адам жегіштен құтылу керек. Ойынға он төрт жастан асқан жасөспірімдер  мен одан жоғары жастағы адамдар кіре алады. Қатысушы құрамы кемінде тоғыз адам болуы шарт. Егер топ толық болмаған жағдайда сырттан қатысам деушілерге қарсылық жоқ. Ойын орталығы үзіліссіз жұмыс істейді.  Аптаның сейсенбі күндері отыз пайыз жеңілдік жасалады. Қатысушыға  бір сағат уақыт беріледі. Ақшасы да қалта көтереді.
Балаларға арналған ғажайып бөлме
      Мекен-жайы: Қорқыт Ата №107
      Ерекше әсер етуі: Іші ерекше сөздермен, суреттермен безендірілген. Адамға жайлылығы сонша, кірсе шыққысыз. Өзің де бала болып кеткің келеді.
Балаларға арналған ғажайып бөлмеде балаңыз көңіл көтеріп, ой-санасын дамытады. Ойын барысында ертегі әлеміне еніп, қызықты оқиғаларға тап болады. Ғажайып бөлмеде ребустар мен жұмбақтар жасырылады. Балаға түрлі химиялық бас қатырғыш тапсырмалар беріледі. Көмекке ақылды профессор мен мейірімді сиқыршы көмектеседі. Ойынға алпыс минут уақыт беріліп, төрт адам қатыса алады.
Балнұр ҚҰРБАНХОЖА

23 ақпан 2018 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031