» » ТҮСКІ АС ІШУГЕ ТИІМДІ 3 ОРЫН

ТҮСКІ АС ІШУГЕ ТИІМДІ 3 ОРЫН

Қайда барамыз?
Соңғы бес жылда әлемдегі дәмхана кәсібіне жаңа тренд енді. Ол –асхананың тың үлгісі. Басты ерекшелігі – дизайны өзгеше, әрі атмосферасы жайлы болуы шарт. Тағамдардың құны да қалтаға тиімді. Ордада осы үлгідегі 3 орынды назарыңызға ұсынамыз. 

«ТАҒАМ»
Біздің баға: Бұл орынға біз жұма күні бардық. Жұма күнінің құрметіне қонақтарға тегін бауырсақ таратқан «Тағам» ұжымы бізді таңғалдырды, әрі сүйсіндірді. Дизайны ерекше. Таңғаларлығы қорықпай, қара түсті ұтымды қолданған. Намазханасы бар. Тамағы да ұнады. Бірақ іші салқындау екен.
Мекен-жайы: Қорқыт ата көшесінің бойында.

«BUFFET CITY»

Біздің баға: Дизайны жасыл түсті және кей жерінде ағаш қолданылған. Іші жайлы. Қабырғадағы Қызылорданың суреттері көзге түседі. Көрпешемен отыруға арналған үстелі бар екі бөлме қарастырылған. Сыртында жазғы алаңы да бар. Кофесі мен
кондитерлік өнімін ерекше атап өтуге болады. Дегенмен сорпасы көңілімізден шықпады.
Мекен-жайы: Абай даңғылында, «Болашақ» университетіне іргелес.

«ПАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ»
Біздің баға: Ішіне кірсең құдды Өзбекстанға келгендей боласың. Қабырғадағы кілемше, құмыра мен суреттер үйлесіп-ақ тұр. Өзге тағамдарға мән бермей, палауға тапсырыс бердік. Даяшы аз болғандықтан тапсырыс кеш алынды. Дегенмен палау дәмді болды.
Мекен-жайы: Ғ. Мұратбаев көшесінде, Универсам жанында.
Әсел БЕГМАН
23 ақпан 2018 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031