ҚЫЗЫЛ ПАКЕТ ДЕГЕНДЕ ҚЫЗЫЛ ПАКЕТ
«Сабалақ» саяжайына бара жатқан жолда аялдама бар. Атауы – Қызыл пакет. Неге дейсіз ғой? Бұрынырақ аялдаманың жанындағы жыңғылға қызыл түсті целлофан ілініп қалған екен. Аялдама аталуына қарағанда қызыл пакет жарты жылдай жыңғылға жалау боп тұрса керек деп топшылаймыз. Әлі күнге дейін сол жердің тұрғындары аялдаманы қызыл пакет деп атайтын көрінеді.
Тасбөгетке кірсеңіз, бейне бір Үндістанның аудандарында жүргендей әсерленуіңіз ғажап емес. Өйткені 17-ші маршрутта күнде Бомбей аялдамасынан адамдар түсіп жатады, мініп жатады.
«Айна» аталып кеткен аялдама И.Тайманов көшесінің бойында орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аялдаманың қасында осындай атаумен дүкен болған. Бірақ қазір бұл дүкен жоқ. Десек те аялдама әлі күнге дейін айна деп аталады.