» » ИНЕ ЖІПТЕН ИГІЛІК ИІРГЕН ІСМЕРЛЕР

ИНЕ ЖІПТЕН ИГІЛІК ИІРГЕН ІСМЕРЛЕР

"Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер, атақты ісмер Роза Әлбатырованың тігін шеберханасында «Ұрпаққа үлгі қолөнер» атты шара өтті.  Бұл жолы жастарға ұлттық нақыштағы кілемдерді тоқудың қыр-сыры түсіндіріліп, жұмыс барысы көрсетілді. Тоқыма тоқу ісінде ұзақ жылғы тәжірибесі бар Роза Әлбатырова әрбір қазақтың қызы кесте тігуден бастап, құрақ көрпе құрау, тігін тігу, киіз үй бұйымдарын жасауды меңгеру керегін айтты. Шараға қатысушылар жастар тәжірибелі ісмермен пікір алмасып, шеберлігін шыңдады. Сонымен бірге, шараға белсене атсалысқан «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне тігін шеберханасында әзірленген бұйымдар сыйлық ретінде берілді.
05 сәуір 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031