» » ИНЕ-ЖІПТЕН ИГІЛІК ИІРГЕН ІСМЕРЛЕР

ИНЕ-ЖІПТЕН ИГІЛІК ИІРГЕН ІСМЕРЛЕР

   "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер, атақты ісмер Роза Әлбатырованың тігін шеберханасында «Ұрпаққа үлгі қолөнер» атты тағылымы мол шара ұйымдастырды. 
Бұл жолы жастарға ұлттық нақыштағы кілемдерді тоқудың қыр-сыры түсіндіріліп, жұмыс барысы көрсетілді. Тоқыма тоқу ісінде ұзақ жылғы тәжірибесі бар Роза Әлбатырова шеберлік сағатында қиындығы мен қызығы мол жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, әрбір қазақтың қызы кесте тігуден бастап, құрақ көрпе құрау, тігін тігу, киіз үй бұйымдарын жасау жұмыстарын меңгеру керектігін айтты. Бұл ұлттық құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа насихатталуына, жойылып кетпеуіне негіз болмақ. Шараға қатысушы жастар тәжірибелі ісмермен пікір алмасып, сұрақтарын қойып, өз шеберліктерін шыңдады. Сонымен бірге, шараға белсене атсалысқан «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілеріне тігін шеберханасында әзірленген бұйымдар сыйлық ретінде берілді. Осылайша, "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен тағылымды шара жоғары деңгейде қорытындыланды.


30 наурыз 2018 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031