» » Ахмед Иүгінекидің өсиеті

Ахмед Иүгінекидің өсиеті


1.Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,
Шапағат сыйла сен де пейілденіп.

2. Жалған сөз – ауру, шаншудай,
Әділ сөз – шипа, жанға жай.

3. Тіліңді тый – тісің сынбайды.
4. Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

5. Қарапайымдылық – жасыл алқап.
Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

6. Білікті білім жинап, кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.

7. Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
8. Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.
9. Жарлының жалғыз байлығы – білім.
10. Бұ дүние – өнерліге өгей-ді,
Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.
Өнер дәулет әкелмейді кісіге,
Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді.

11. Кедейдің кертіп жер малы – білім.
12. Өнерлінің – өкініші көп,
Өнерсіздің – өкініші жоқ.

13. Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.
14. Тіл біреуді – көтереді, біреудің түбіне жетеді.
15. Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

16 Бақыт – көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.
12 шілде 2018 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031