Қоғалыкөлге инвестор келді
«Ел мен жер егіз» деген тәмсілдің түп-төркінін бел жазбай еңбектенетін диқандар терең түсінсе керек. Олардың ала жаздай моншақтап төгілген тері, алтын күзде дәннен тау тұрғызып, елдің ырыс-несібесіне айналатыны рас. Ал, кейде еңбегіңнің өтеуі қайтпай, жігерді құм қылатыны бар.
Барлық жағдайы жасалған қоғалыкөлдік шаруалар егін егу науқанына ерекше қарқынмен кірісіп, дән себу жұмыстарын сәтті аяқтады. Диқандар 2317 гектар жерді игеріп, 1850 гектар жерге дән септі. 1250 гектар жерге Сыр салысын суға бастырды. Сондай-ақ, 467 гектарға ескі жоңышқа, 400 гектарға жаңа жоңышқа, 200 гектар жерге мақсары егілген. Көктемгі егін жұмыстарына қажетті жанар-жағармай толығымен қамтамасыз етіліп, тыңайтқыштар уақытында алынған. Техникалар да сақадай сай болып, егін егу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілген.
Халықтың бірлігі мығым болса, әлбетте тірлігі де тындырымды болмақ. Ауыл халқы қолдау жасап жатқан абзал азаматқа егіннен мол өнім алып, ел мерейінің үстем болуына тілектес екендерін айтады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
Сырдария ауданы.
Мәселен, соңғы жылдары Сырдария ауданындағы Қоғалыкөл ауылында егін шықпай, шаруашылықтың күйі тайып, шатқаяқтап қалды. Ерте көктемде кетпенін арқалап күріштікке беттейтін диқандардан дәрмен кетіп, ауыл ішін шаңдатып жүретін техникалардың да қарасы азайды. Береке болмаған жерде халықтың ауызбірлігіне сызат түсетіні де белгілі. Ал мұндайға еш жол бермеу керек. Осындай қысылтаяң шақта елге тұтқа болар азаматтар ауыл іргесінің ажырамай, өзінде барды өзгелермен бөлісуді міндет деп санады. Сондай азаматтың бірі, «Ақжарма және К» ШҚ төрағасы Қайрат Нұрсейітов Қоғалыкөл ауылына биылдан бастап инвестор болды. Шаруашылық жұмысына жан бітірді. Еңбеккерлер үйреншікті жұмысына үдере көшті. Мұның өзі халыққа үміт сыйлап, ауыл ахуалының тұрақтануына себеп болды.
Ақжармадағы ірі шаруашылықтың бірі саналатын «Ақжарма және К» ШҚ мен Қоғалыкөлдегі «Жамбыл-2030» шаруашылығы бірігіп, «Жерсу-Агро» фермерлік қожалығын құрды. Бізбен әңгімесінде қожалық директорының міндетін атқарушы Берікбол Әлекеев мұндай қолдау ауыл жағдайының жақсаруына мол мүмкіндік беретінін айтты.
– Соңғы уақыттарда шаруашылық жұмысы құлдырай бастағаны көпшілікке белгілі. Егін өнімі де көңілді көншітпеді. Өткен жылы еккен егіннің әр гектарынан 8-11 центнерден ғана өнім алынды. Бұл халық тұрмысына қатты әсер етті. Жаңа инвестордың қолдауы арқылы осы мәселенің бәрі шешімін табады деп ойлаймыз, – деді Б.Әлекеев.Барлық жағдайы жасалған қоғалыкөлдік шаруалар егін егу науқанына ерекше қарқынмен кірісіп, дән себу жұмыстарын сәтті аяқтады. Диқандар 2317 гектар жерді игеріп, 1850 гектар жерге дән септі. 1250 гектар жерге Сыр салысын суға бастырды. Сондай-ақ, 467 гектарға ескі жоңышқа, 400 гектарға жаңа жоңышқа, 200 гектар жерге мақсары егілген. Көктемгі егін жұмыстарына қажетті жанар-жағармай толығымен қамтамасыз етіліп, тыңайтқыштар уақытында алынған. Техникалар да сақадай сай болып, егін егу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілген.
Халықтың бірлігі мығым болса, әлбетте тірлігі де тындырымды болмақ. Ауыл халқы қолдау жасап жатқан абзал азаматқа егіннен мол өнім алып, ел мерейінің үстем болуына тілектес екендерін айтады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
Сырдария ауданы.