» » Әрбір мемлекеттік қызметші моральдық-әдептілік нормаларды сақтауға міндетті

Әрбір мемлекеттік қызметші моральдық-әдептілік нормаларды сақтауға міндетті


«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының нормаларында адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға; өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды, сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану талаптары айқындалған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жоғарыда аталған Елбасы Жарлығы нормаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Ағымдағы жылдың маусым айында аз. Э.И. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпайтындығын айтып, соңғының әрекетіне қатысты Департаментке шағым білдірген.
Шағымға сәйкес Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесімен бөлім басшысы тарапынан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының нормалары бұзылғандығы анықталған.
Тексеру қорытындысы бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы ұсыну енгізіліп, бөлім басшысы «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды», яғни, әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заң нормаларымен айқындалған талаптарды сақтауға міндетті.
Н. Алиев,
Департаменттің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының бас маманы
17 шілде 2018 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930