Қоштасу


Саған бақыт тілеп, қоштасу хатын жазам деп ойламаппын. Мен үшін ең ауыры да осы. Сүю, сүйе тұра бастарту... Бұл сенің маған үйреткенің. Сенің үйреткеніңмен ғұмыр кешіп көрейін. Бәлкім бағымды табармын. Сені бақытты ете алмасам да,өзге бір жанды бақытты ету үшін күресіп көрем. «Сені кешірген күннің өзінде достарымның көзіне қалай қараймын?» дедің. Біз бір-бірімізді қимай қоштасқан жандармыз. Сен менсіз, мен сенсіз күніміз өтеді деп ойлаймыз... Осы ой арқылы таңды атырып, кешті батырамыз. Осы ойымыз үшін өзімізді бақытты сезінеміз. «Әлемде одан өзге жан жоқ па», -деп өз-өзімізге сұрақ қоямыз. Іштей сол сауалдың жауабын айтсақта, сыртқа шығарып айтуға батылымыз бармайды. Сенесің бе сені мұншалықты қырсық деп ойламаппын. Сенің мінезіңді жұмсақ десемде, ашуланғанда тым қатал екенсің.  Жақында сенің құрбыңнан тұрмысқа шыққаныңды естідім. Не деп жауап берерімді білмедім. Ал құрбың болса, "мына байғұс не деп жауап берер екен"- деп менің әлпетімнен эмоция іздей бастады. Мен болсам жай ғана жымиып, "бақыт тіледім.
Мен сені кездестіргенім үшін бақыттымын. Сені өзге жанға тұрмысқа шығады, өзгенің құшағынан табылады деп еш ойламаппын. Сені өзгенің құшағынан көрмек түгілі өзге бір жат жанның жанынан көрем деген ойдың өзі мақтамен бауыздағандай дәрменсіз күйге түсіретін. Бірақ өмір өзекті жанға бағынбайды. Оған енді ғана көзім жеткендей. Ия. Мен кешіктім сендік бақыттан, жүйткіген жүрдек поездай уақыттан кешіктім. Жесір жерге тамған сендік тамшы жасың үшін қашанда айыптымын... Мен сені ұмытқан емеспін, тіпті ұмытпақ ниетім де болған емес. Сені ұмытқаным, жадымнан айырылып, мәңгүрт жан болғаным...
Мүсілім БӘЙДІБЕК
19 шілде 2018 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031