Инвестициялық жобалардыңәкімшілік кедергілері талқыланды
Қызылордада 12 инвестициялық жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеубойынша келісімдерге қол қойылған.
Бұл туралы, «Protecting Business аnd Investments» жобасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру барысында кездесуі мүмкін әкімшілік кедергілерді талқылау мақсатында өткізілген кездесуде айтылды.
Кездесуге аймақтағы отандық, шетелдік инвесторлар мен құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары және өкілдері қатысып,инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері талқыланды.
Кездесуде хабарлама жасаған «Кәсіпкерлерді қолдау орталығының» директоры Қамар Бекетова «Тампонажды цемент өндіру зауыты құрылысын жүргізіп жатырған инвестор-компания «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстарына қажетті шетелдік мамандарды шақырту үшін виза алуға көші-қон полициясы органдарына өткізілген құжаттардың мерзімінде қаралмай, тиісті рұқсат беру құжаттарының рәсімделмей, созбалаңға салынып жатқандығын» мәлімдеді.
Көші-қон полициясы басқармасына аталған мәселені дереу шешу тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов«Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Protecting Business аnd Investments» жобасы аясында кез-келген отандық және шетелдік инвестордың құқығы қорғалады және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы барысында әкімшілік кедергілердің болмауына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі» деді.