Сөз бен іс


Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сапарда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. Біреуі:
– Қойды мен сояйын, – деді. Екіншісі:
– Терісін мен сыпырайын, – деді. Үшіншісі:
– Ет пісіру менің мойнымда болсын, – деді.
Сол кезде Пайғамбарымыз да:
– Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын, – деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп:
– Уа, Алланың құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана істейміз, – десті.
Сонда Пайғамбарымыз:
 – Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алайда Алла тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды, – деп жауап берген еді.
Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді...
26 шілде 2018 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031