» » Бет сипау дұрыс па?

Бет сипау дұрыс па?

  СҰРАҚ-ЖАУАП
Алыс сапарға шыққанда, қала маңынан өткенде қабірге зиярат етіп, бет сипаймыз. Қабірді көргенде бет сипау  қаншалықты дұрыс? Шариғат не дейді?
Мадияр, Қызылорда қаласы
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті бойынша қабірге келген адам сол жерде жатқан әруақтарға Алладан кешірім тілеп, дұға етеді. Бұл – сауапты іс. Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Жәбрәйіл періште Мұхаммед Пайғамбарға «бақиғ қабіріне барып, ол жердегі жатқандарға «истиғфар» (кешірім тіле) ет!» деген Құдайдың бұйрығын жеткізеді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл айтқан қабірге келіп, қолын көтеріп дұға етеді. Үйге оралысымен Айша анамыз:«(Қабірдегілерге) Не дейін?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «(Қабірге барғанда) былай де: «Уа мүмин, мұсылман қабір иелері! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз», – деп жауап берді.
Қазақтардың қабір қасынан өтіп бара жатып бет сипауы Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы сүннетінен шыққан дүние. Алайда, тек бет сипап қана қоймай, сол жерде жатқандарға іштей Алладан рахым тілеген дұрыс. Сонда сіздің әрекетіңіз құр бет сипағандық емес, Пайғамбарымыздың сүннетін орындағандық болмақ.
Абдусамат Қасым
26 сәуір 2018 ж. 1 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031