4 жас па, 7 жас па?
Сауал сізден, жауап бізден
Сұрақ:
Біліуімізше, ұлы ғұлама Әбу-Ханифа балалардың діни сауатын 4 жастан бастап ашқан. Кейін медицинада бұл әдістің тиімділігін дәлелдеген. Ал бізде 7 жастан басталады. Мұның себебі неде?
Жауап:
Бақыт ОЛЖАЕВ, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы:
– Біздің елде баланың діни сауатын ашу 7 жастан басталады. Себебі, бала осы жаста ақыл есін танып, жазуды, қалам ұстауды үйренеді, сондықтан осы жас тиімді. Діни мемлекеттер саналатын Түркия, Пәкістан елдерінің ұстанымы бойынша мемлекеттің заңы дін бағыт болғаннан кейін олар жастайынан білім алуға медресеге жіберіп, 3 жылдай баласын көрмейді. Баласы сол жердің тәртібіне бағынып, Құран жаттап, сауатын ашады. Мұндағы мақсат – баланың ойы бұзылмасын, көңілі басқа нәрсеге аумасын деген ниет. Ал бізде балаларымызды оқуға жіберіп, 3-4 айдан кейін сағындым деп іздеп келеміз. 4 жастағы бала оқи алмайды, не болмаса жаза алмайды. Ал балаға Құран жаттатып, діни сауаттылығын дамыту үшін арнайы медреселер ашу керек. Бізде заң бойынша медреселер 9 сыныпты бітіргеннен кейін ғана (колледж ретінде) оқи алады. Біз діни мемлекет емеспіз, біздің мемлекетте негізгі заң ретінде діни ұстанымдарды пайдаланбайды. Сондықтан бала 7 жасқа толып оқу, жазуға икемі келген кезде діни сауат ашу курсына қабылдаймыз.