» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал


(26 шілде-1 тамыз)
Тоқты
Апта сіз үшін сәтті болмақ. Достармен ара қатынасты ретке келтіру керек. Алда үлкен сынақтан өтетін сәт күтіп тұр. Дегенмен бәрі ойдағыдай өтеді.
Торпақ
 Шілденің шуақты күндерінде алға қойған жоспардан бас тартпаңыз. Әр іске жауапкершілікпен, мұқият қараған абзал. Сізді көпшіліктің қолдайтыны рас. Олардың үмітін ақтауға тырысыңыз.
Егіз
 Күтпеген жағдайға дайын болу керек. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, сенім артқан адамдардың ақылына құлақ асқан жөн. Қандай жағдай болса да сабыр сақтаңыз.
Шаян
Апта жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Тек бойкүйездіктен арылу керек. Көңіл-күйіңіз болмауы мүмкін. Досыңыздың берген ақыл-кеңесі сізді тығырықтан алып шығады.
Арыстан
 Апта сәтті басталады. Алғыр әрі әділ шешім қабылдай алатын қасиетіңіз достардың сеніміне жол ашады. Белсенділік артып, шығармашылық шыңдала түседі.
Бикеш
 Айдың аяғында күтпеген тың жаңа идеялар келіп, оларды сәтті жүзеге асырасыз. Дәл қазір денсаулыққа көңіл бөлген жөн. Отбасыңызға, үй шаруасына көмектескен жөн.
Таразы
 Жұлдыздарды сіздің алға қойған ұмтылыс-талабыңыз қуантады. Осы бетіңізден қайтпай, көпшіліктің үмітін ақтаңыз. Шығармашылық кештен алыстап қалмаған абзал. Спортпен шұғылдануды естен шығармаңыз.
Сарышаян
 Қиын мәселенің шешімін табуға тырысасыз. Мұндай сәттерде қолдау көрсететін мықты достарыңыз бар. Олардың қадірін біліңіз. Мейлінше аянбай еңбек еткен жөн.
Мерген
 Қайырымдылық іс жасауға асыққан дұрыс. Сізден қолдау күтетін достарыңызды ұмытпай, жәрдем беріңіз. Осы айда қолға алған іс нәтижесіз қалмайды. Сондықтан «еңбек –  бәрін жеңбек» деген қағиданы берік ұстанған жөн.
Тауешкі
 Апта ерекше толқу сезімімен есте қалмақ. Сенімсіздіктің әсерінен жұмысыңызға көңіліңіз толмай, уайымдауыңыз мүмкін. Дегенмен сабыр сақтап, асығыс іс-әрекет жасамасаңыз, бәрінің оң шешімі табылады.
Суқұйғыш
 Өмірдің үлкенді-кішілі сыйы сынақсыз болмайды әрине. Сынақтан сүрінбей өту үшін тек қана өзіңізге сенім артыңыз. Ақыл мен еңбек жеңіске жеткізеді.
       Балық
Шілде айының соңында ерекше тосын сыйдың иесі боласыз. Ұзақ уақыттан бері мазалап жүрген сұрақтардың тиісті жауабын аласыз. Апта басында күйзеліске түсуіңіз мүмкін. Сондықтан сабырлы болыңыз.
26 шілде 2018 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031