» » Апталық жұлдыз-жорамал

Апталық жұлдыз-жорамал

 (24-31 мамыр)
ТОҚТЫ
Аптада ұсақ-түйек шаруаға көңіл бөлмей, маңызды мәселені шешуге асыққан жөн. Өзіңізге қатты сенгендіктен қателікті мойындағыңыз келмейді. Жауапкершілікті басты орынға қойыңыз.
ТОРПАҚ
Айналаңыздағы жандарға көңіл бөліп, көпшіліктің көзқарасымен санасқан жөн. Істің нәтижесіне жету өзіңізге байланысты. Бір шешімге келмес бұрын бәрін ой елегінен өткізген жөн.
ЕГІЗ
Ақыл мен сабырға жүгіне отырып, көптен толғандырған мәселенің басын ашып алыңыз. Жұмыста өзгерістер орын алып, қызметіңіз жоғарылайды.
ШАЯН
Көптен бері армандап жүрген затқа қолыңыз жетіп, мәре-сәре күй кешесіз. Бірақ көп ысырапшылдық жасап, ақшаңызды онды-солды шашпаған жөн.
АРЫСТАН
Отбасыңызға көңіл бөлу керек. Жұмыс ешқайда қашпайды. Аптада сәл-пәл қиыншылықтар орын алады. Дегенмен бірбеткей, еңбексүйгіш қасиетіңіз келеңсіз жағдайдан шығуға көмектеседі.
БИКЕШ
Жұмыста басқа қызметкерлермен көп сөзге келмей, сабырлылық танытыңыз. Сонда ғана сіздің әріптестер арасында беделіңіз өседі.
ТАРАЗЫ
Аптада жаңа істің негізін  қолға аласыз. Бұл шығармашылыққа арналған апта. Жұмыстағы дәстүрлі істі, үйдегі шаруаны ұмытыңыз. Сізге жақсылап демалу қажет.
  САРЫШАЯН
Сізде бірінен соң бірі айшықты кездесу, жұмыс барысында тиімді келісім, отбасында жағымды жаңалық болғалы тұр. Апта тосын сыйларымен ерекше болмақ.
МЕРГЕН
Басшылықтан жағымды ұсыныс түседі. Ұсынысты қабылдап, мансабыңызды өсіруге асықпаңыз. Алда өзге де өзгерістер орын алмақ. Бәріне дайын болған жөн.
 ТАУЕШКІ
Ала4сыз демалған жөн. Барынша сабыр сақтап, ашуды ақылға жеңдіруге тырысыңыз. Аптада маңызды шешімдер қабылдаудан сақ болған жөн.
 СУҚҰЙҒЫШ
Апта сәтті өткелі тұр. Себебі көптен бері көз жазып қалған досыңызды кездестіресіз. Уақыттың қалай өткенін де аңғармай қаласыз. Есесіне өткен-кеткен қызықты күндерді еске түсіріп, бір жеңілдеп қаласыз.
      БАЛЫҚ
Кәсібіңіз бен жеке өміріңізді ретке келтірген жөн. Нақты жоспарды іске асырып үйреніңіз. Сонда ғана ісіңіз алға басады.
24 мамыр 2018 ж. 1 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031