ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында 200-ге жуық ауыл әкімі үшін шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты ─ елді мекендегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту жұмысы тек Кәсіпкерлер палатасының жұмысы ғана емес, сонымен қатар барлық деңгейдегі аудан әкімінің міндеті.
Шараға барысында қаладағы барлық қаржы институт өкілі: екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары қатысып, кәсіп ашу, дамыту және қаржы алу механизмдері туралы айтып берді.
Бүгінде өз кәсібін ашуға талпынған қызылордалықтардың саны артуда. Мәселен, 10 айдың ішінде қала мен аудандағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан 6083 азамат 12 354 кеңес алған. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 8 сервистік қызмет алушылар саны да жоспардан асып, 198,5 пайызды құрады.