ҚЫЗМЕТ ТҮРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев электронды қызметтің тиімділігін насихаттады.
Мәселен, электронды шот-фактура жүйесін бүгінде 15570 тұлға қолданады.
– Кедендік декларациялаудың «Астана-1» ақпараттық жүйесі бүгінде толықтай қолданыста. 2017 жылдың қазан айынан бастап «транзит» модулі тәжірибеге енгізілген. Содан бері 2035 транзиттік декларация осы жүйеде өңделді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан эскпорт режимі, ал 1 сәуірден бастап барлық басқа режим электронды жүйеге көшті, – деді С.Мұстафаев.
Көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың тетігі – жалпыға бірдей декларациялау жүйесі 2020 жылдан бастап енгізіледі. Бұл жүйені енгізудегі мақсат – жеке тұлғаның табысы мен мүлкін тиімді бақылауға қол жеткізу. Сонымен қатар, азаматтардың табысы мен мүлкінің ашықтығы салықты толық төлеуді қамтамасыз етеді.