Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру
Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық мәдениет үйіне қарасты орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласын ұлттық тұрғыда талқылау және Алаш Орда зиялыларының өкілдері мен билерді еске алу мақсатында «дөңгелек үстелі» өтті.
«Дөңгелек үстелге» Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, Қазастан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Л.Ж.Жұмабекова, Қазақстан Республикасы жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ф.Сахиев, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Н.Байкенже, «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы, аудандық қоғамдық бірлестіктердің спикері И.Нәрзілдаев, аудандық мектептердің тарих және әдебиет пәндерінің мұғалімдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аудандық ішкі саясат және мәдениет бөлімдерінің басшылары қатысты.
«Дөңгелек үстелді» ашқан Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов: «Мәңгілік Ел» - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, мұнда, ерекше бір атап өтер жайт, 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі дамыған, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды көздеген стратегияны жүзеге асыруға тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандық азамат өзінің перзенттік көзқарасы, адал еңбегі арқылы атсалысулары қажет» - деп, бұл орайда сот жүйесіне міндеттелген тапсырмалардың маңыздылығын атап өтті.
«Дөңгелек үстелде» Қазақстан Республикасы жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ф.Сахиев Алаш Орда зиялыларының арасында болған жерлестеріміз және олардың еңбектері жөнінде, №3 мектеп интернатының тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі А.М.Бектергенов Алаш Орда зиялыларының өкілдері мен билерінің өмірбаяндары туралы, №221 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Алаш арыстарын ардақтауда, қазақ жастарымызды рухтандыруда атқарылып жатқан патриоттық шаралары жайлы баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында аудандық кітапхана оқырмандарымен әзірленген шағын тақырыптық қойылымы, әдеби монтажы, Алаш Ордан зиялыларының шығармаларын мәнерлеп оқу, кітап көрмесін түсіндіру көрсетілді.
Іс-шараға қатысушылармен «дөңгелек үстел» соңында барлық айтылғандар қорытындыланып, Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар ұсынымдар жасалды.