» » 3D басып шығару мүмкіндіктері

3D басып шығару мүмкіндіктері

   Бүгінде Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» кітабы төрткүл дүниеге жақсы танымал. Әсіресе біздің қаламыздың батысындағы адам мен темірадам саусағының түйісу сәті бейнеленген билбордты байқамау мүмкін емес. Бұл – осы біз сөз етіп отырған кітаптың сыртқы мұқабасы. Бір қарағанда-ақ оқуға шақырып тұр. Автор туралы аз-кем айта кетейік.
Шваб Клаус Мартин – неміс экономисі, Давостағы Дүниежүзілік зкономикалық форумның 1971 жылдан бері қарайғы орнын ешкім баса алмайтын бірегей президенті және негізін қалаушы. Ол 1938 жылы 30 наурызда Германияның Равенсбург қаласында фабрика директорының отбасында дүниеге келген. Гимназияда оқыған. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінде машина құрастыру ісіне машықтанып, инженер деген диплом алып шыққан. 27 жасында техника ғылымдарының докторы атанды. Шваб Фрайбург қаласындағы университетте өнеркәсіп экономикасын оқып, 29 жасында экономика докторы деген атақты да алды. Сондай-ақ Гарвард университетінде оқып, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін қорғады.
80 жасқа келсе де ол әлі күнге дейін АҚШ-тың Массачусет технологиялық институты мен Гарвард университетінің академиялық өміріне белсенді араласады. 2011 жылы әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге талпынған, мәселелерді шешуге қабілетті бастамашыл жобаларды біріктіретін Global Shapers Community – Ғаламдық Шейперлер қауымдастығын құрды. Оған 20 мен 30 жас арасындағы жас көшбасшылар қатыса алады. 
Клаус Шваб «Төртінші индустриялық революция» кітабында әлемдік экономиканың даму жағдайына баға бере келе, алдағы дүниені күрт өзгертетін жүйенің бірі ретінде  бүгінде аты таныс әрі бейтаныс 3D басып шығару мүмкіндіктері жайлы айтады. Осыны оқырман назарына ұсынамыз.
Өндіріс
Бетбұрысты сәт: 3D басып шығару көмегімен алғаш рет автокөлік өнімі жасалды.
3D басып шығару немесе аддитивті өнім дегеніміз – физикалық құралдың алдын ала жіберілген қатпарлы цифрлық 3D суреті немесе моделі арқылы жасау барысындағы үдеріс. Көз алдыңызға батон нанның бөлшектене дайындалып жатқанын елестетіңізші.  3D басып шығаруы өте күрделі өнімдерді жеңіл жабдықтармен жасап шығару әлеуетіне ие. Ерте ме, кеш пе  3D принтерлері арқылы материалдың көптеген түрлері пайдаланатын болады. Мәселен, пластик, алюминий, тот баспайтын құрыш, керамика, тіпті ең күрделі материал қорытпаларын да пайдаланып,  3D принтерлері бүкіл фабрика атқаратын жұмысты өз міндетіне алады.  3D басып шығару – жел трибунасынан бастап ойыншықтарға дейін өз алдына түрлі практикалық колданыстар нәтижелеріне ие.
         Іс-әрекеттегі түбегейлі өзгерістер:
«General Electric» компаниясының Leap реактивті қозғалтқышы (моторы) ең атақты өнімнің бірі ғана емес, оның жанармай бүріккіші толығымен аддитивті технология бойынша жасалған.
         Оң ықпалы
  • Өнімді өңдеу жылдамдығының артуы;
  • «жасап шығару – өндіріс» циклінің қысқаруы;
  • Қүрделі детальдар өндірісіндегі жеңілдік (бұрын дайындауға мүмкіндік болмайтын немесе жасалуы үлкен күш-қуатты талап ететін құралдар;
  • Бұйымды жасаушыларға сұраныстың артуы;
  • Білім беру мекемелерінде 3D басып шығару технологиясын оқыту және түсіну үдерістерін жылдамдату үшін пайдалану;
  • Жасау мен өндіру жұмыстарындағы демократияландыру (екеуі де өңдеу тарапынан ғана шектеулі);
  • Баспа үшін жасалатын материалдардың жеткізілуінде жаңа индустрияның пайда болуы;
  • Ғарыштағы іскерлік мүмкіндіктерінің артуы;
  • Тасымалдауға деген талаптар санының төмендеу есебінен экология үшін пайданың артуы;
Теріс ықпалы
  • Қоқыс көлемінің артуы және экологияға кері әсері;
  • Жұмыс циклінің өзгеруіне байланысты жұмыс орындарының қысқаруы;
  • Өндірудегі құндылық бастауы ретінде зияткерлік қабілеттің бірінші орында тұруы;
  • Қарақшылық;
  • Сауда маркасы мен өнімнің сапасы;
Денсаулық сақтау
Бетбұрысты сәт: 3D басып шығару технологиясымен жасалған алғашқы бауырды ауыстырып салу;
3D принтерлері заттарды ғана емес, адам «биопринтинг» (био басып шығару) көмегі арқылы адамның дене мүшелерін де жасап шығаратын уақыты келеді. Бұйымдарды басып шығару ақылға қонымды әрі түсінікті, ал ағза болса, цифрлық 3D моделімен қатпарлана басып шығарылады. Ағза басып шығару үшін пайдаланылатын материалдардың әрине велосипедті басып шығаруға керек материалдан айырмашылығы зор. Сүйек жасау үшін көптеген мүмкіндігі жоғары материалдармен, мысалы, титан ұнтағымен эксперимент жасаауға болады.  3D басып шығару технологиясының жеке тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру мәселесінде әлеуеті өте жоғары, ал адам үшін өз денесінен құнды ештеңе жоқ.  
Іс-әрекеттегі түбегейлі өзгерістер:
2014 жылы Бейжің университеті үшінші ауруханасының дәрігерлері алғаш рет жас пациентке 3D басып шығару технологиясының көмегімен обыр пайда болған мойын омыртқасын ауыстыру мақсатымен омыртқа имплантациясын сәтті жасады. Жаңа омыртқа баланың өз омыртқа сұлбасынан дайындалғандықтан кірігу үдерісін жеңілдеткен.
Оң ықпалы
  • Донорлық ағзалардың жетіспеушілігін шешу (керек мүшеге донор табылмағандықтан орта есеппен күніне 21 адам көз жұмады);
  • Қол-аяқты алмастыратын дене мүшелерінің протездерін басып шығару;
  • Ауруханалар кез келген хирургиялық көмекке мұқтаж науқастардың қажетін өтей алады, яғни керек затты басып шығарады (мәселен, бұранданы, шинаны, протездер мен импланттарды);
  • Жеке адамдарға арналған медицина: 3D басып шығару технологиясы көбінде әр пациент денесінің жекелеген мүшесін емдеуде үлкен сұранысқа ие (мысалы, тіс қаптамасы) тұстарда тезірек қолданылады;
Теріс ықпалы
  • Дене мүшерінің, медициналық құрал-жабдықтардың немесе азық-түліктің бақыланбайтын немесе басқаруға келмейтін өндірісі;
  • Адам дене мүшелерін немесе дененің өзін басып шығару мәселесіне қатысты негізгі этикалық әртүрлі айырмашылығы: аталған дүниелерді шығаруды кім бақылауына алады? Алынған органдардың сапасына кім кепіл бола алады?
  • Өз денсаулығын сақтауға құлықтың жоғалуы, яғни барлығын алмастыратын болсақ, не үшін саламатты өмір салтын ұстанамыз?
  • Азық-түлікті басып шығарудың ауылшаруашылығына кері әсері;
Тұтыну тауарлары
Бетбұрысты сәт: тұтынылатын тауарлардың 5%-ы 3D басып шығару технологиясы арқылы жасалған.
3D басып шығару мүмкіндігін кез келген 3D принтер иесі жүзеге асыра алатындықтан, күнделікті тұтынатын тауар түрлерін дүкендердің алудың орнына өзі үшін, тапсырыс үшін басып шығару мүмкіндігі пайда болады. Түптің түбінде 3D принтері кеңсе немесе үй құрылғысына айналады. Аталған дүние тұтынатын тауарларға иелену құқын төмендетумен қатар 3D басып шығару технологиясы көмегімен жасалған бұйымдарды иеленудің мүмкіндігін арттырады. Заманауи 3D басып шығару технологиясын пайдаланатын салаларға мән берер болсақ, тұтынатын тауарларды өңдеу мен өндіріс салаларының көп екенін байқаймыз.
Іс-әрекеттегі түбегейлі өзгерістер:
2014 жылы 133 мың 3D принтері сатылды. Бұл 2013 жылға қарағанда 68%-ға артық. 10000 АҚШ доллары тұратын принтерлердің басым көпшілігі зертханалар мен мектептерден бастап, өндірістерге дейін қамти алатын бағдарламамен жұмыс жасайды. Нәтижесінде 3D материалдар индустриясының көлемі артып, құны 3,3 млрд АҚШ долларына жеткен.
Оң ықпалы
  • Мейлінше жеке тұлғаға арналған өнім және арнайы дайындау;
  • Қолданыста аз кездесетін тауарды жасау және олардың жасалуынан пайда көру;
  • Әр тұтынушының азық-түлік талабына қатысты өзіндік айырмашылығы тұрғысында 3D басып шығару технологиясының тез дамуы;
  • Логистика тарапынан шығынның аздығы және энергияны үнемдеуде жоғары мүмкіндіктің болуы;
  • Жергілікті деңгейде әртүрлі бастамаларға қаржы салынуы;
Теріс ықпалы
  • Жабдықтау мен логистиканың жаһандық және аймақтық тізбегі: сұраныстың төмендеуі жұмыс орындарының жойылуына алып келеді;
  • Қарудың таралуына бақылау: қару секілді қауіпті заттардың көбею мүмкіндігінің артуы;
  • Қоқыс көлемінің және одан экологияға кері әсердің артуы;
  • Өндірісті бақылауда, тұтынушы шектеулеріне, сауда кедергілеріне, патенттерге, салық және өзге де үкіметтік шектеулерге бақылаудың болмай қалуы және аталған өзгерістерге бейімдеу мәселесіне айтарлықтай күш салу;
Әзірлеген Ж.САҒИДА
09 тамыз 2018 ж. 1 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930