Жапонияда Төртінші индустриалды революция басталды − Forbes
Бұрындары компьютер, телефон мен камераның қызметін бір уақытта атқаратын әрі көлемі шағын, қалтамызға сыйып кететін технологияны елестету ғылыми фантастикаға пара пар еді. Ал қазір айналамыздың бәрі смартфондарға толы және олар күннен күнге «ақылдырақ» бола түсуде, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап.
Ал енді елестетіп көріңізші: сіздің телефоныңыз жасанды интеллектпен жабдықталып, сіздің медициналық проблемаларыңызды дәл табады делік. Бұл сіздің тіпті дәрігерге баруыңызды да қажет етпейтін болады. Телефондағы арнайы қосымша диагноз қойып, оны емдеу жолдарын да көрсете алады. Ал жергілікті дәріханалар 3D-принтерлер арқылы сізге қажетті дәрі-дәрмектерді шығарып береді. Бұл ойдан шығарылған фантастика емес, жақын маңдағы болашақта болуы мүмкін өзгерістер.
Біздің айтып отырғанымыз Төртінші индустриалды революцияның (4IR) белгілі бір бөлшегіне айналмақ. Бұл кезеңде ғылым мен техникадағы прогрестерге негізделген өте жылдам өзгерістер болады деп болжанып отыр. Дегенмен, «ақылды машиналардан» қорқатындар қатары да күн санап артып келеді.
«Ақылды машиналар» жұмыс орнымыз бен қоғамдағы орнымызды тартып ала ма? Жапония мен Бүкіләлемдік экономикалық форум олай болуы мүмкін емес екеніне сенеді. Олар революция мүмкіндіктерін қоғам игілігіне қажетті жоғары технологиялы құралдар жасауға, технологиялардың адамның тұрмыс-тіршілігіне кедергі келтірмейтініне үмітті.
Бүгінгі таңда біз Төртінші индустриалды революцияның ең бастапқы сатысында тұрмыз. Бұл уақытта циярлық, физикалық және биологиялық жүйелер бірігіп, өмір сүру деңгейі артады. Ең алғашқы индустриалды революция қозғалтқыштың пайда болуына негізделсе, екінші және үшінші индустриалды революция кезінде электр қуаты өндірістің артуына әкеліп, компьютерлер мен коммуникациялық технологиялар цифрлық дәуірді дамыта түсті. Ендігі кезекте Төртінші индустриалды революцияның қозғаушы күші Интернетке негізделген (AI, IoT) өте қуатты технологияларға байланысты болмақ. Әрине, белгілі бір деңгейде біз де белсенді қызмет атқарып, революцияның өзгерістеріне атсалысуымыз керек. Сол арқылы біз өзімізге қажетті қоғамға қол жеткізе аламыз.Көптеген мемлекет осы күрделі проблемаға енді бас қатыра бастағанда, Жапония жаһандық инновациялармен айналысатын жаңа WEF орталығын ашты. «Бұл орталық Төртінші индустриалды революцияның мүмкіндіктерін арттыру үшін жұмыс істемек», − дейді орталықтың атқарушы директоры әрі негізін қалаушы Клаус Шваб.
«Жапония өзінің инновациялық мүмкіндігін әлі де толықтай таныта алмады. Әлем Жапонияның өте сәтті стартап қауымдастық құрғанын білмейді. Бұл Жапонияныың инновациялық күші бар екенін көрсетеді. Сол арқылы олар жаһандық нарықтағы маңыздылығын сақтап қалады», − деді Шваб.
Шваб Токиоға Төртінші индустриалды революцияға арналған орталық (C4IR Japan) құру үшін барды. Бұл жаңа технологиялық орталық биыл жапон корпорацияларымен және үкіметімен тығыз байланыс орнатпақ.
Қаңтар айында Давоста өткен WEF жиынында 2017 жылы наурыз айында Сан-Франциско да Төртінші индустриалды революция орталығы ашылғаннан кейін C4IR Japan атты орталық құрылатыны хабарланған болатын. WEF осылайша Төртінші индустриалдық революцияға арналған орталықтар желісі мен филиалдарын бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен ашуды жоспарлап отыр.
Швабтың айтуынша, Жапонияның бұл трансформациядағы ерекше рөл атқаруының бірнеше себебі бар.
«Біріншіден, Жапония көптеген дамыған мемлекеттерде болуы мүмкін демографиялық өзгерістердің алдында келеді. Екіншіден, премьер-министр Синдзо Абэ мен үкіметтің ұзақмерзімді басымдықтары мемлекет пен жеке сектордың арасындағы байланысты арттырып, мемлекетте жұмыссыздықтың төмендеуіне әкелген. Бұл өз кезегінде Төртінші индустриалды революция кезіндегі әлеуметтік өзгерістерге оң ықпал ететін жағдай болмақ», − деді Шваб.
Оның айтуынша, Төртінші индустриалды революция орталығы жаһандық келіссөздер арқылы жаңа технологиялар принципін қалыптастырмақ.
«Себебі бұл технологиялардың барлығы адамзатқа үлкен пайда әкеле алады. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізіп, қоғам проблемаларын шешуде маңызды рөл атқаратын болады. Қоғамда мобильділік артады. Бірақ кей жағдайда мұндай технологиялар қоғам игілігі үшін емес, ұжымдық мақсаттарда қолданылып кетуі мүмкін деген де күдік бар», − деді Клаус Шваб.Ескерту!