» » Ерекше жұлдыз-жорамал

Ерекше жұлдыз-жорамал

   (23-29 тамыз)
ТОҚТЫ
Осы апта қызық оқиғаларды өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз  қолыңызда. Айналада болып жатқан оқиғаға сабырлылықпен қараңыз. Аптаның соңында жұмысыңыз реттеліп, көңіліңіз жай табады.
ТОРПАҚ
Өміріңізді ұлы өзгеріске алып келетін жағдайға ұсыныс түсуі мүмкін. Ол ұсыныс мақсатқа қайшы болмаса, қабылдаңыз. Себебі, бойыңызда көшбасшылық қасиет бар. Өз өміріңізді ғана ойламай, сүйіктіңізге де назар салып қойыңыз.     
ЕГІЗ
Сіздің өміріңіз қызыққа толы. Жүрген жерде күлкі мен мейірімділік қатар жүреді. Айналадағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінесіз. Ұнамды қылықтары өте көп. Осы жолыңыздан таймаңыз.
ШАЯН
Сіздің арманыңыз орындалады. Себебі көптен жоспарлап жүрген ісіңіз алға басқалы тұр. Сүйіктіңізбен қайта татуласу мүмкіндігін қалт жіберіп алмаңыз. Бәрі сіз қалағандай болады. Апта сіз үшін сәтті өтпек.
АРЫСТАН
Ешкімнің қолдауынсыз, ақылынсыз қиын жұмыстардың да шешімін табу сіз үшін оңай болмақ. Сіздегі тың ойлар мен жобалар аз шығын арқылы жүзеге асуы ықтимал.
БИКЕШ
Жұлдыздар өзіңізге тек жағымсыз әсерін тигізіп, үнемі ұрысып жүретін жандардан бас тартуға кеңес береді. Әрине, жақын адамға көмектесіп, қол ұшын созу керек, бірақ үнемі орынсыз сын айтып, сіздің дәрежеңізді түсіріп қалуға ұмтылатын жандар кездеседі.
ТАРАЗЫ
Осы аптада шығармашылық әлеуетіңіз артады.  Жаңа идеялардың тууы және олардың жүзеге асуы өзіңізге байланысты. Сүйіктіңізбен қыдыруға да уақыт  табыңыз.
САРЫШАЯН
Денсаулығыңызға көп көңіл бөлген жөн. Пайдалы жаттығуларды жиі жасаңыз. Ешкімнің ақыл-кеңесін тыңдамаңыз. Шешімді тек өзіңіз қабылдаңыз. Жаңа өзгерістерді қабылдауға қорықпаңыз.
МЕРГЕН
Өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл аптада жұлдыздар сізге белсенді болмауға кеңес береді. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін көресіз.
ТАУЕШКІ
Кәсіби қызметіңізде үлкен өзгерістер күтіледі. Тіпті, бұл жұлдыз белгісіндегі туғандардың кейбірі басқа салаға бет бұрып, болашағы бар мамандық иесі атануы мүмкін.
СУҚҰЙҒЫШ
Қиялыңызға ерік беріңіз. Шабытыңыз шалқып, естен кетпес оқиғаға тап боласыз. Орындалуы мүмкін емес армандар жүзеге асады. Мерейіңіз өсіп, қуанышқа кенелесіз.
БАЛЫҚ
Ұзақ жылдар бойы ойға келмеген жаңа идеялар туындап, оны жүзеге асыруға деген құлшыныс артады. Егер бұрын-соңды кездесіп көрмеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашылса, жасқанбай кірісу қажет
23 тамыз 2018 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031