» » Төлегетай-Қылышты ата кешені

Төлегетай-Қылышты ата кешені


Төлегетай-Қылышты ата  кешені Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Төлегетай Баба – ХІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы. Наймандарды жер-жерге бөлген кезде Төлегетай ежелгі Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бір-бірінің атағын сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді.
Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билеген. Найманды билеген бабамыз жер жадысына жүйрік болған, жері құмшауыт, суы тапшы келетін өңірде бабамыз «Мына жерден су шығады» деп таяғымен нұсқаған жерінен су шығады екен.  «Төңірегіңе абай бол», «Төрт құбылаңнан жазба», «Төрт көзің түгел болсын», «Көштерің қатар, түтіндерің қосылып тұрсын», «бір-біріңнен от сұрай жүріңдер» деген өсиеті халықтың  бірлігі мен тұтастығын нығайтуға жиі қолданған. Жиендерге қырық серкеш беру салты Сүгірші, Төлегетай бабаларымыздан қалған дәстүр деседі.
Қылышты ата ерекше қасиетке ие әулие адам болған деседі. Халық арасына тараған аңызға сүйенсек, көлікті адам көлігінен түсіп зиярат етпесе өзі немесе аты майып болады екен. Басына түнеп перзент тілегендер мен емге шипа Алланың күшімен шипа беріп отырады. Қылышты атаның іздегендерге әкесі Камаладдин Меккеден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді. Қылышты ата шеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат түсіп, 1001 бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде қылышы күн сәулесіне шағылысып, қылыштың жүзіне қонған шыбын екіге бөлініп түсе беретін болыпты.
Онысы «Кімде-кім адал болмаса осындай жаза алады» дегені екен. Міне, осыдан бастап Қылышты ата атаныпты.
04 қаңтар 2018 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031