» » АБИБУЛЛАЕВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

АБИБУЛЛАЕВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

Өткен сенбіде "Евразия" спорт кешенінде әуесқойлар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Бәсі биік бәсеке  ел үшін ерен еңбек етіп, халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсете білген Талғат Абибуллаевты  еске алу аясында ұйымдастырылды.
Жарысқа қаладағы ең таңдаулы 6 команда қатысып, доп додасының көркін қыздырды. Топтық кезеңде суырылып алға шыққан "Аян", "Азамат", "Орион", "Арай" командалары ақтық сынның жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде "Азамат" пен "Арай" клубтары қарсыласын қапы қалдырып, турнирдің финалына жолдама алды. Екі клубтың теке тіресінде "Арай" 4-2 есебімен азулы "Азаматты" жеңіп, турнирдің бас кубогын еншіледі. Үздік үштікті "Орион" командасы түйіндеді. Жүлделі командаларға  ұйымдастырушылар тарапынан 150000,100000,50000 теңгелік сертификат табысталды.
26 қазан 2018 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930