» » Сағат – бейбіт елдің батыры

Сағат – бейбіт елдің батыры


Бүгінгі таңда елге қызмет етіп, ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар аз емес. Бірақ кейбіреудің менмендігі басым болуы ықтимал. Ізгі ниетпен жақсылық жасау, бейбіт күннің батыры болу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ал адамгершілікпен өзгелерге қайырым көрсете білген адамның мәртебесі қашанда биік. Осындай асыл қасиетке бай, абзал, алтын жүректі жанның бірі – Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы.
Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде 1991 жылы 17 мамырда дүниеге келді. №43 мектепті 2007 жылы үздік бағамен тәмәмдады. Жоғары оқу орнын үздік аяқтап, жас маман атандым ба дегенде жол-көлік апатына ұшырап, жүру қабілетінен айырылды. Бірақ ол тағдырына мойымады. Оның өмірге құштарлығы естіген жанды тәнті етпей қоймайды. Жақсылықтн үміт үзбей алға талпынған адамды қалайша батыр демейсіз!
Шынымды айтсам, осы кісі арқылы адам  өмірінің мәнін түсінгендеймін. Сағатбек Қуанышбайұлының өмірін білуге талпынып, екеуара сұқбаттасу кезінде көп нәрсе ұққандаймын. Ол өзі арбаға таңылса да жақсылық жасаудан, жан-жағына көмек қылудан аянып қалмайды. Тіпті, өнерден де кенде емес ән, би, спорт – қай-қайсысында да жүлделі орындарға ие болып жүр. «Еріктілер би» тобын ашуға атсалысып, өзі құралыптас жастармен тың дүниелерді атқаруда. Биыл «Жаңа жылға жаңа жақсылықпен» акциясы бойынша көп қаражат жұмсалатын отырыстардан бас тартып, ақшасын кішкентай мүгедек балаларды қуантуға арнады. Одан басқа жақында «Жылы жүрек» еріктілер тобымен «Сенің мерекең» атты акцияны жүзеге асырды. Ақтау қаласында өткен «Aktau open – 2018» ҚР кубогында  Комби фристайл санаты бойынша ІІ орын алды. Үстіміздегі қазанның 6-7-сі күндері Тайвань елінде өткен пара биге жолдама алып, Қазақстан атынан қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Айта кетейік, былтыр Мүгедектерді оңалту орталығында «Жыл адамы – 2017» атағымен марапатталды.
Біздің бүгінгі заманымыз қолға қару алып, батыр болатын емес, бейбіт елде өз бауырларымызға, қандастарымызға қол ұшын созып, көмектесіп батыр болатын кез. Сөз жоқ, Сағат сондай сайыпқыран ерлердің санатында.
Алина МҰРАТОВА,
П.Осипенко атындағы №8 орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы
26 қазан 2018 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930