«Jas Otan Orda» ресми сайты іске қосылады

Елбасы Жолдауында айтылғанжастар жылынмазмұнды әрі тиімді атап өтуде әрбір жастың ойы, ұсынысы қажет. Осы мақсатта облыстық «Жас Отан» жастар қанаты қараша айында «Jas Otan Orda» ресми сайтын іске қосуды жоспарлауда.
– Жастардың басты мәселелерінің бірі, олардың уақытын тиімді пайдалану. Осы тұста партияның кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып «Білім орталықтарына» айналдыру жобасы аймағымызда табысты атқарылуда. Қазіргі таңда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Шиелі аудандық орталық кітапханасы жаңғыртылып, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін 6 аудандық және 1 қалалық орталық кітапханалар жаңғыртылып білім орталығына айналады, – деді Талғат Тілес.
Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуде шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы зор. Мұны ескерген Елбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды жүктеді. Осы орайда, аймақ басшысының бастамасымен Қызылорда облысында 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жарияланды.
– Жастар арасында жұмыссыздықпен күресуде бизнестің алар орны ерекше. Одан бөлек 8-9 сынып оқушыларын мамандық таңдауда нарық сұранысына сай техникалық бағытқа бейімдеу қажет. Сондай-ақ жастар арасында ағылшын тілін меңгеруге қолайлы жағдай жасау керек, – деді Сағатбек Сиюов.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА