Ит пен адам

   Сіз итіңізді соңғы рет қашан тамақтандырдыңыз? Бәлкім кеше, бәлкім арғы күні, яки  есіңізде жоқ. Ал өзіңіз соңғы рет қашан тамақ іштіңіз? Әрине дәл жаңа. Солай біз есімізге түсіп кеткен сәтте ғана иттің итаяғына көз жүгіртеміз. Бұл неге есіме түсті дейсіз ғой... 
Жақында жазушы Мұхтар Мағауиннің "Тазының өлімі" деген кітабы қолыма түсті. Оқысаңыз қазақы тазының өмірін бейнелеген. Оның күшік кезінен бастап, өлетін сәтіне дейін бастан кешіргенін жазған.
  – Мен тамақты екіге бөлемін, бірі жарамды бірі жарамсыз. Мен әрдайым жарамды тамақ жеп үйреніп қалғанмын. Үй иесі Қазы маған жарамсыз тағам бермейтін. Күніне үш мәрте тамақтанып, еттің майлы жерін жеп үйрендім. Осылай күндерім өте берді. Еркелікті де көрдім, Қазы мені біреудің итіне талатпайтын. Қожайындарына да мен үшін ұрсып беретін. Кейін Қазы дүниеден өткен соң менің жағдайым күрт өзгерді. Жеуге болады деген тағамды түсімде көретін болдым. Тіпті өмірімде бармаған  үйлердің ыдыстарын иіскелеп, қалған тамақтарды жейтін күй кештім. Үйден де қуылдым. Далаға ұйықтап көрмеген мен бейбақтың жағдайы адам аярлық еді. Күніне үш рет тамақтан бұрын, үш күнде бір мезгіл тамақ жеу мұң болды, – дейді шығармада. Бұл әрине иттің образы. Сөйлеп тұрған да өзі. Үйінен қуылған тазы көше кезіп кетеді. Ақыры не керек6 қожайынның зиратына барып, сол жақта жан тапсырады.
"Тазы" – қазақы парода. Оны ауылдық жерлерден кездестіруге болады. Кішкентай кезінде том-томпақ болса, өскелең ап-арық болады. Дегенмен қатты жүгіреді. Айтқанның бәрін түсінеді, қалауыңызды орындайды. Аңға шығу үшін де тазының алар орны ерекше. Түлкі дейсіз бе, қоян дейсіз бе, тіпті қасқырды да шаң қаптырады. Бұл ит екінің бірінің үйінде болмайды. Кез келген адамға да еркелеп, үстіне асылмайды. Тек қожайынмен ғана тіл табысады. Көп үріп, мазаны да алмайды. Ақылды иттің біріне жататын болған соң да жазушы тазының өмірін таңдаған болар.
Біздің үйде ит көп, барлығы да тазы. Оған неге қызықты дейтін шығарсыз. Айтайын, қазақы ит болғандықтан. Емен-еркін ойнауыңа да болады. Әкел-әкет деген сөздерді бірден қағып алады. Ал шығармадағы тазының образы маған қатты ұнады. Итті ұнатпайтын адамдар бар. Тіпті ұрып, теуіп жібергенін көзіміз көрді. Сол сәтте жүрегің елжірейді. Адам болмаса да жүрегі соғады, ауырлықты түсінеді ғой. Жалпы иттің қадірін түсінбейтіндер көп. Ауыр да болса айтайын, қазақта "ит құрлы жоқ" деген сөз бар. Бұл сөздің түп-мағынасы "сенен ит жақсы"  дегенге саяды. Бұл сөз енді тым ақымақтарға, ата-анасының тілін алмаған бұзақыларға, өмірдің қадірін түсінбейтін қасиетсіздерге айтылады.
Автобуста келе жатырмыз, далада жаңбыр құйып тұр. Бір талдың бойында бүрсеңдеп күшік тұр. Үсті-басы су-су. Өзі кішкентай ғана. Көліктегі бес жасар қыз "апа, апа терезеге қараңызшы, ана жерде күшік тұр, жаңбырдың астында қалыпты. Үйге алып кетейікші" дейді ғой. Бір қуанғаным, анасы жалма-жан қоғамдық көлікті тоқтатып түсіп қалды. Сөмкесінен жемпір алып, күшіктің үстіне жапты. Күшікті қолына көтеріп, қайтара қоғамдық көлікке мінді. "Ал қызым айта ғой, күшікке қандай есім қоямыз" – дейді күлімсіреп. Қызы мойны ақ екен, "Ақмойнақ" болсыншы дейді. Осылайша Ақмойнақ өз отбасын тапты. Енді ол уақытында тамақ жеп, бес жасар бүлдіршіннің махаббатына бөленетін болады. Біреу де болса қаңғыбас иттің саны азайды.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
08 қазан 2019 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930