» » Мақсат қоюды үйрендім

Мақсат қоюды үйрендім


         Диас БЕКМЫРЗА, №12 Қабылов атындағы мектептің 5-сынып оқушысы:
         Әкем балаларының болашағына қатты алаңдайды. Сондықтан ағам Құлынды да 7-сыныптан бастап дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта, ал әпкем Аружанды №12 Қабылов атындағы мектепте оқытты. Мені де 4-сыныпта Қызылордаға әкелді. Қазір сабақтан бөлек, аптасына үш рет «Тарлан» спорт кешенінде бокстан жаттығуға қатысамын.  Ағылшын тілін үйрену үшін «Speak english» сабақтарына барамын. Әкемнің мақсаты – менің мықты, білімді жігіт болып ержетуім. Қазір дарынды балалар мектебіне дайындалудамын. Қалаға келгенімде оқушыларға үйренісе алмағаным, кейде қоғамдық көліктерге шатасып мінгенім, қарным ашқан кездер көп болды. Мұндай жағдай әлі де болып тұрады. Ең бастысы тәуекел етіп, мақсат қоюға үйреніп келемін.
Жетістіктері: Бокстан спорт мектептері арасында өткен жарыста 32 кг салмақта – ІІІ орын, 32 кг салмақта – І орын иеленген.
Айдана ЖҰМАДИНОВА
25 қаңтар 2018 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031