» » Робот ота жасайды

Робот ота жасайды


Әлемдік медициналық технологиялар адам өмірін сақтауға қауқарлы. Мәселен, бұрын ата-бабаларымыз қырқұлақ, оба, сүзек індетінен баудай түскен. Шешектен қырылып қалған. Ал, бүгінде соқырішек пышаққа түспей-ақ лапараскоппен алынатын деңгейге жетті. Енді оңтүстіктің дәрігерлері ангиография аппаратымен жұмыс істелуде. Жартылай робот қондырғы арқылы науқасқа пышақ тимей эндоваскуларлы әдіс қолданылады. – Бұл қондырғы, ангиография, қан тамырлары мен оның төңірегіндегі ұлпаларды рентген сәулелері арқылы тексерудің жаңа әдісі болып табылады. Мұның тиімділігі орасан. Қозғалыс шектеліп, қан тамырлары тарылып, онда ақау көбейген тұста диагнозды дөп басуға септігін тигізеді. Арнайы аппарат қан тамырына орналастырылатын арнайы катетер арқылы жұмыс істейді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев. Қан тамырлары, жүрек талмасы сияқты аурулар оңтүстік медицинасының әлсіз тұсы еді. Елді бұл кеселге де ем табылып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы ангиография аппаратын алғаш іске қосқан медициналық мекеме. Енді қан тамырлары жүйесі бойынша жасалатын күрделі оталар осы аурухананың базасында өткізіледі.
31 қаңтар 2018 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031