» » Арыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің жанұясына мемлекеттік марапат табысталды

Арыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің жанұясына мемлекеттік марапат табысталды

   2019 жылдың 24 маусымында Арыста әскери борышты өтеп жүріп қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасына ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекеттік марапаттарды табыстады. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент - ҚР ЖС Жоғарғы бас қолбасшының 2019 жылдың 7 тамызында қабылдаған "Мемлекеттік марапаттармен марапаттау" үкімі бойынша аға сержант Бауыржан Әлімбеков және сержант Әбдіқұл Ахметов әскери борышты орындау барысында көрсеткен ерлігі мен өжеттілігі үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Әбдіқұл мен Бауыржан қару-жарақтар орналасқан қоймадан шыққан өртті сөндіруге атсалысып, әскери борыштарын абыроймен өтеді. Екеуі бір бөлімде қызмет еткен. Әскери қызметкерлер өз міндеттерінің аясында тапсырылған іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Олармен бірге қызмет еткен азаматтар екеуінің кәсіби шеберлігін, әріптестеріне ашық болғанын ескерді. 
Қайтыс болған әскери қызметкерлерге  құрмет белгісі ретінде бір минут үнсіздік сақталды. Арыс қаласының әскери бөлімдері салтанатты маршпен жүріп өтті. 
15 қыркүйек 2019 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031