» » Қала келбетіне жаңашылдық енгізбестен бұрын, ұлттық ерекшелігімізді ескеруіміз қажет – вице-минист

Қала келбетіне жаңашылдық енгізбестен бұрын, ұлттық ерекшелігімізді ескеруіміз қажет – вице-минист

Бүгін Халықаралық сәулетшілер конгресіне келген Болгария, Германия, Швейцария, АҚШ, Ресей, Сербия, Ұлыбритания және басқа да елдерден келген сәулет компанияларының жекетшілері мен отандық сәулетшілерге Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова алғысөз арнады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қоғам алдында еліміздегі қалалардың архитектуралық келбетін әрі қарай жетілдіру мәселесі жиі талқыланып отыр. Елордамыз Астананың келбетін қалыптастыруда отандық сәулетшілермен бірге Норман Фостер және Курокава секілді шетелдік әріптестердердің қосқан үлесі зор. Бұл бір жағынан заманауи архитектураның әлемдік трендін өз бойына жинақтаған қарыштап келе жатқан жас Астанамыздың өзіндік архитектуралық келбетімен байланысты», - деді вице-министр.
Райымқұлова күнделікті өмір ырғағы классикалық, мәдени дәстүрлер мен сәулет өнерінің архи, заманауи ерекше ережелерінде синтездің болуын қажет ететінін, сол себепті еліміздегі қалаларыдың келбетіне жаңашылдық енгізбес бұрын ұлттық, мәдени, тарихи ерекшеліктерімізді толық ескеруіміз қажет екенін атап өтті.
«Астана қаласының сәулеті жоғарыдағы синтез ұғымына сәйкес келеді деп зор мақтанышпен айтуға болады. Конгресс қатысушылар үшін отандық сәулет өнерінің өзекті мәселелерін талқылап, алдағы уақытта дамыту міндеттерін белгілейді. Бүгінгі алаң Астанамызбен қатар жалпы еліміздің дамуы үшін таңғажайып архитектуралық жобаларды дүниеге әкеліп, оны іске асыратын шығармашылық орта боларына ерекше сенім білдіреміз. Ендеше барлығымыз бірлесе конгресс жұмысын сәулетшілер платформасында жас маман иелері мен тәжірибелі сарапшылардың таным-тәжірибесін біріктіретін жыл сайынғы дәстүрлі шара ретінде өткізуге атсалысайық», - деп сөзін түйіндеді министрдің орынбасары.

17 шілде 2018 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031