Қазақстан шетелге 62 млрд доллар инвестиция жіберген
Қазақстан 2005-2017 жылдар аралығында шетелге 62 млрд доллар көлемінде инвестиция жіберді. Бұл туралы Даму және инвестициялар министрлігі мәлімдеді.
Ведомство инвестицияның бәрінен көп Голландияға жіберілгенін жеткізді. 12 жыл ішінде республика бұл елге 38,4 млрд доллар көлемінде ақша жіберген. Екінші орында Ұлыбритания тұр. Біріккен патшалық Қазақстаннан 5,6 млрд доллар көлемінде инвестиция алған.
Қазақстан көрші Ресейге 3,5 млрд доллар көлемінде ақша жіберген. Ал бұл тізімді Ирландия бекітеді. Аталған мемлекетке Қазақстан 12 жылда 1,8 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған.