II КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «100 жаңа есім» жобасының кезекті кезеңінің басталуын жариялады. Конкурсқа қатысу үшін өтініш 10 қыркүйекке дейін қабылданады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткер кәсіби ортада жетістікке жеткен, үздік адами қасиетке ие тұлға болу керек. Дауыс беру 20 қыркүйектен 10 қазанға дейін «el.kz» порталында өтеді.
–Биыл жобада жастарға басымдық беріледі. Өйткені бізге осы заман қаһармандары керек. Олардың ықпалын арттыру үшін қоғамның түрлі санатын, оның ішінде жас ұрпақты, өзін-өзі дамытуға тарту қажет. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруа» мақаласында айтқан білімнің жоғары құндылығы, дамуға деген ұмтылыс, бірнеше тілді меңгеру, тағы басқа бойынша жастардың дамуына жағдай жасайды, – деді «100 жаңа есім» жобасының топ мүшесі Асхат Оралов.