» » Аязда көлігіңіз оталмай қалса

Аязда көлігіңіз оталмай қалса

   Қыста көлік оталмай қалатын сәттер жиі кездеседі. Мәселен, көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кетіңіз делік. Кенет көлігіңіз оталмай қалды. Не істейсіз? Папаңызға, ағаңызға қоңырау шаласыз. Бұл мәселеден ешкімді де мазаламай, өздігіңізбен шешім қабылдап шығуға әбден болады. Ол үшін төмендегі кеңеске көз жүгіртіңіз.
    – аккумуляторды қыздырып көріңіз;
  – көлікті тұтандыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бинзин тартылады;
   – ажырату педалін басыңыз;
   – көлікті оталдырып көріңіз;
   – стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе жанып кетуі мүмкін;
  – егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз:
  Егер стартер айналмаса қамықпаңыз. Мұнан шығатын  жол да табылады.
   – басқа көліктен "тұтандырып" көріңіз;
   – итеріп оталдыруға тырысыңыз;
   – аккумуляторды зариядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз:
 Сонымен бірге  машинаның есігі аяздан ашылмай қалса мына нәрселерді қайталаңыз.
  – аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
  – көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
   – орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа салып, ыстық су шашыңыз;
   – өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
   – шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз:
19 қаңтар 2020 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031