» » Мектептен уақытша берген компьютер, ноутбук істен шықса, ата-аналар ақшасын төлейді

Мектептен уақытша берген компьютер, ноутбук істен шықса, ата-аналар ақшасын төлейді

        Мектептен уақытша берген компьютер, ноутбук істен шықса, ата-аналар ақшасын төлейді Қашықтан оқу үшін мектептен уақытша берген техниканы бұзып алғандар оның ақшасын төлейді, – деп хабарлайды Astana TV.
     Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1 қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретініне сенімді. Бірақ құрылғы бұзылған жағдайда министр Асхат Аймағамбетов: «Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72, 76-баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі», – деді. Ал заңгер Жандос Тұяқов: «Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады», – дейді. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген. Егерде оқушылар мен ұстаздар арасында індетті жұқтырғандар табылса, мектепте сабақ өткізу тоқтатылады.
aikyn.kz
28 тамыз 2020 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031