ЖӘНІБЕККЕ ҚАРСЫЛАС ТАБЫЛМАЙ ТҰР
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі кездесудегі қарсыласы өзгерді.
Жәнібек 9 қазанда Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығу керек. Әлімханұлының қарсыласы рейтингте үздік 15-тің қатарында болған боксшы болу керек еді. Бірақ ол қарсылас жарақат алып қалыпты.

"Жаттығу жалғасып жатыр. Өкінішке орай, қарсылас ауысып жатыр. Топ 15-тегі солақай қарсылас жаттығуда жарақат алыпты. Бүгін хабарлады. Промоутер 2-3 күнде жаңа қарсыластың есімін айтады. Бұл жолғысы өткендегісінен мықты әрі атақты болады деп сенеміз. Әрине жекпе-жекке аз қалғанда қарсыластың ауысқаны жақсы емес. Дегенмен біз кез-келгеніне дайынбыз", – деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылы қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Альберт Онолунсені жеңіп, WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Негізі ол шаршы алаңға наурыз айында Квебек (Канада) қаласында ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) кездесу керек еді. Бірақ бұл шоу коронавирусқа байланысты өтпей қалды.