Спорт – біздің серігіміз

Сайыстың мақсаты – жасөспірімдерді саламатты өмір сүруге шақыру, денсаулыққа зиянды заттардан аулақ болуға үндеу, спортпен айналысуға қызықтыру. Сайысқа «Қыран», «Барыс», «Тұлпар» деген үш топ қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, ең жоғары ұпаймен «Қыран» тобы І орынды иеленді.
«Қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда жсаөспірімдерді спортқа баулудың маңызы зор.Тіпті олар спортпен белсенді айналыспаған күннің өзінде адам өмірінде анау-мынау ауру-сырқауға қарсы тұру үшін ақы сұрамайтын қарапайым жаттығулар мен белсенді қимыл-қозғалыстың қаншалықты маңызды екенін түсіну керек. Сол үшін мұндай сайыстар ұйымдастыру өз нәтижесін береді деп сенемін», – дейді қырандықтардың капитаны Қазбек Боранбаев.
Қалдан ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ,
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәлімгері