» » ҚАЗАҚСТАН ТОП БАСЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ТОП БАСЫНДА

  Алматыда Еуропаның Ұлттар лигасындағы үшінші кезде­суінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Албанияны қабылдап, 0-0 есебімен тең түсті.
Билектің шәкірттері алаңға тек жеңіс үшін шыққанымен, ойын олар үшін ауыр өтті. Албания оңай шағылатын жаңғақ емес екенін алғашқы минуттардан-ақ дәлелдеді. Тіпті барлық көрсеткіш бойынша Балқан түбегінен келген футболшылар қазақтардан басым түсті.
Дегенмен қорғаушылар мен қақпашының шеберлігі арқасында біздің қақпаға доп дарымады. Ал шабуылшыларымыз допқа иелік еткенімен қонақтардың әлсіз тұсын таппады.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 4 ұпай жиналды. Дәл осындай көрсеткішпен албаниялықтар ізімізден келеді. Беларусь пен Литва құрамасында 3 ұпай бар. Бірақ олар өзара кім мықтыны бүгін түнде анықтайды.
Келесі ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Беларусь құрама­сы­мен кездеседі. Матч Минскте бүгін өтеді.

15 қазан 2020 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031