» » БАЗАРДАН ШЫҚҚАН БАТЫР

БАЗАРДАН ШЫҚҚАН БАТЫР

UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов Алекс Оливейраны жеңгеннен кейін даңқы дүниежүзін шарлады.
Бір ғана инстагарм парақшасына жазылушылар саны 3 есеге күрт көбейген. Рас Шавкат туралы ақпарат іздейтіндер көбейді. Ендеше 26 жастағы батырдың қызықты деректерін топтастырдық.
Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстанның Шурчи қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Шавкат отбасымен бірге Қазақстанға көшті. Басында қазіргі Түркістан облысында, кейін Қарағандыда тұрған. Артынша Көкшетауға көшіп, сондағы "Көкше" академиясында оқыған. ММА-ге бала кезінен қызығатын ол Қазақстанға көшіп келген соң бокс, самбо және джиу-джитсумен айналысқан. Нәтижесінде 2014 жылы Рахмонов ММА-ге ауысқан. Бүгінге дейін аралас жекпе-жекте 12 кездесу өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал былтыр M-1 Global ұйымының чемпионы атанды. Файтер соңғы жекпе-жегін былтыр маусымда бразилиялық Тиаго Варежао Ласередоға қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жеткен.
Шавкат Рахмонов Өзбекстанда дүниеге келген соң, әрі аты-жөні қазақтарға ұқсас болмаған соң, жанкүйерлер оның ұлтын өзбек деп санайды. Бірақ Шавкат сұхбаттарының бірінде бұл мәселенің нүктесін қойды.
– Әкем – қазақ. Ұлтым – қазақ. Өзбекстанда тудым. Атамның аты – Рахман. Сондықтан Өзбекстанда мені Рахмонов деп жазып қойған. Шавкат – Қазақстанда сирек кездесетін есім. Негізінде араб есімі. Сондықтан мұнда "ұлтың қандай?" деген сұрақ көп қойылады. Екінің бірі соны сұрайды. Мені өзбек не тәжік деп ойлайды. Бірақ мен қазақ екенімді айтамын, – дейді Шавкат.
Рахмонов Қазақстанға көшіп келген уақытында тіл білмегенін және базарда қара жұмысшы болып істегенін айтады.
– Базарда жүк тасушы болып жұмыс істедім. Отбасымыз – қарапайым. Қазақстанға келген кезде тіл білмедік. Түрлі жерде жұмыс істеуге тура келді. Кез келген жұмысты алдық. Базарда екі-үш жылдай жүрдім. Сол уақытта жаттығуға да баратынмын. Жұмыстан келемін де, киімдерімді алып, жаттығуға кететінмін. Кейде бір күнде екі жаттығу болатын. Бокс пен самбо, –- дейді файтер.
Спортшы үйленген, бүгінде Жасмин есімді қыз тәрбиелеп отыр. Сұхбаттарының бірінде тағы бір сәби күтіп жүргенін айтқан.
Шавкат Рахмонов – Instagram желісінде белсенді. Бүгінде оның парақшасына 160 мың адам жазылған.
30 қазан 2020 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031